Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті тарту туралы салық органдарын міндетті түрде хабардар етуді көздейтін Салық кодексіне түзетулер қандай мақсатпен қабылданды?</em></p>
Жауап: 

Хабарламалық сипатта, қосымша әкімшілік кедергілерді белгілемейтін шетелдік қаржыландыру мәселелерін реттеу мақсатында түзетулер қабылданды.

Шетелдік қаржыландыруды алатын тұлғаға, белгіленген мерзімдерде және тәртіппен олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді жіберуі, ақшаны алғандығы туралы мәліметтерді мемлекеттік салық органдарына хабардар етуі жеткілікті. Тәртіп, нысандар (017.00, 018.00) және мерзімдер ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген.