Жарияланған күні: 23.11.2017 17:16
Өзгертілген күні: 23.11.2017 17:18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2017 жылдың 23-24  қарашасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасы мен Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – ОӘО) Астана қаласында күндізгі оқу нысаны бойынша «Жаңа кеден заңнамасын ескере отырып, посткедендік бақылауды жүргізу» тақырыбында семинар өткізілуде.

Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының біліктілігін арттыру шеңберінде жүргізілуде. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жұмыскерлеріне 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енуі тиіс ЕАЭО мен ҚР жаңа кеден заңнамаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ұсынылды.

Аталған семинар аясында жаңа заңнаманы іске асыру үшін әзірленетін заңға бағынысты нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру көзделген. Кедендік тексерулерді жүргізу кезіндегі проблемалық мәселелерді талқылауға, шартты түрде шығарылған тауарларды есепке алу мен бақылаудың ерекшеліктеріне баса назар аударылды.

Семинар өз жұмысын үстіміздегі жылдың  23-ші қарашасы күні Комитеттің Кедендік бақылау департаментінің директоры Марат Жұмажанұлы Бейсеновтың алғы сөзімен бастады. Заңнамадағы өзгерістер, посткедендік бақылаудағы жаңашылдықтар, шартты шығарылған тауарлар туралы лекция-баяндамаларды Комитеттің Кедендік бақылау департаментінің Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасының қызметкерлері Ж.А. Қыдырғалиев, Г.Ғ. Шапашева, А.С. Найзағаринова, А.А. Ерғалиев, А.Ә.Алиндер оқыса, кедендік тексерулер бойынша келіп түскен шағымдардағы орын алған мәселелер бойынша Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті директорының орынбасары Н.Ө. Рахымғалиев, Кедендік тексерулер бойынша  шағымдарды қарау жөніндегі басқарманың басшысы С.Е. Михно талдау жасап, дәріс оқыды.

Көрсетілген семинардың барлық электронды оқу материалдары (лекциялар, слайдтар және т.б.) ftp.kgd.gov.kz порталының «ОӘО-ның қызметі бойынша өзекті ұсыныстар» бөлігінде 2017 жыл папкасында орналастырылған және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының тыңдаушыларына  ОӘО қашықтықтан оқыту сайтында қолжетімді болады.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)