Жарияланған күні: 25.05.2018 15:58
Өзгертілген күні: 25.05.2018 16:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

2018 жылдың 18-23 мамыр аралығында Мемлекеттік кірістер комитетінің  Кинологиялық орталығы базасында  Комитеттің   аумақтық  бөлімшелерінің кинолог мамандары арасында «Есірткі заттарын іздестіру» бағдарламасы бойынша XVІ Республикалық жарыс өткізілді.

 

               Бүгінгі таңда қызметтік иттер азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауда орасан зор үлес қоса отырып, арнайы бөлімшелерде іздестіру, терроризмге қарсы күресте, шағын іздестіруде,  есірткі, жарылғыш заттар және есірткі заттарының транзитін ұстауда үздіксіз қызмет  атқаруда.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық бөлімдердегі (бөлімше) лауазымды тұлғалар арасында үздік кинологты анықтау және  олардың   кәсіби шеберліктерін  арттыру,  өзара тәжірибе алмасу мақсатында 2018 жылдың 18-23 мамыр аралығында  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің  Кинологиялық орталығы базасында  Комитеттің   аумақтық  бөлімшелерінің кинолог мамандары арасында  «Есірткі заттарын іздестіру» бағдарламасы бойынша  «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы кубыгына» арналған XVІ Республикалық жарыс өткізілді.

Жарысқа комитеттің  аумақтық департаменттерінің ішкі іріктеу турларынан өткен  біздің мемлекетіміздің жоғары білікті кинолог мамандар қызметтік иттерімен қатысты.

Шараның  маңыздылығы мен жауапкершілігін сезіне отырып, жарыстың аса тартысы өтуіне байланысты  кинологтар  өздерінің төрт аяқты достарының барлық кәсіби дағдылары мен шеберліктерін көрсетуге тырысты. Адал және ымырасыз күрес нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей анықталады:

I орын – Маңғыстау болысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаментінің офицер-кинолгы Сабанов Нұрбол Нұрболатұлы, қызметтік итімен  лақап  аты - «Барби»;

II орын – Ақтөбе облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаментінің офицер-кинолгы Кулдышев Мақсат Кеңесұлы, қызметтік итімен  лақап  аты - «Жек»;

III орын – Маңғыстау болысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаментінің офицер-кинолгы Амангалиев Бауыржан Тулегенұлы, қызметтік итімен  лақап  аты - «Есон».

XVІ Республикалық жарыстың  жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы «Кубоктармен» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Кеден қызметі басшылары кеңесінің құқық қорғау бөлімшелері комитетінің  Төрағасы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасының орынбасары табыстады.

Номинация бойынша есірткі заттарын іздестіруде үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарды арнайы дипломдар және грамоталармен   Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы – мемлекеттердің кедендік қызмет басшылары Кеңесінің 17-ші отырысы  Комитетінің құқық қорғау бөлімшелерінің басшылары марапаттады.

Шараның салтанаты жабылу рәсімінен кейін  құрметті қонақтар  ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталықтың қызметімен, оның материалдық-техниакалық базасымен,  сондай-ақ,  орталықтың басым бағыты қызметтік иттермен кинологтарды дайындау  бойынша жұмыстары таныстырылды және қызметтік иттерді пайдалану арқылы  жаттықтыру көріністері көрсетілді.

Атаулы маңызды шараға орай, қонақтар  дәстүр бойынша Лабрадор тұқымды күшікке лақап ат қою рәсіміне қатысып, орталықтың «Достық Алеясында» ағаш отырғызса,  шара соңында Кинологиялық орталықтың құрметті қонақ  кітпашасына ескерткіш жазбалар қалдырды.

ТМД қатысушы – мемлекеттердің кедендік қызмет басшылары Кеңесінің құқық қорғау Комитеті бөлімшелерінің басшыларының пікірінше, Кинологиялық орталықтың осы сияқты жарыстары кинолгтар арасында потриоттық сезімді, қызметтік міндеттерді атқарудағы  жоғары жауапкершілікті, қызметтке ынталанып қызметтік иттермен қызметтік дағдыларды қалыптастырып, дамытуда аса маңызды орын алатындағын атап өтті.  

XVІ Республикалық жарыстың  қатысушалыры осындай шаралар  Мемлкеттік кірістер органдарының кедендік бекеттерінен өтетін контрабандалық фактілерді  жедел анықтап, алдын алу, жолын кесуде  қызметтік иттерді  пайдалану және қолдануда өзара тәжірбие алмасуға мүмкіндік беретіндігін айтты.

Шараны қорытындылай келе,  ТМД мүше мемлекеттердің  Кеден қызметі басшылары кеңесінің құқық қорғау бөлімшелері комитетінің   Төрағасы А.А.Серышев ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген  жарыстың  жоғары деңгейде өткізілгеннін  атап өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасының  орынбасары Жанғарашев Тілеу Қасенұлы   «Бұл турнир ҚР ҚМ МКК Кинологиялық қызметі құрама командасының 2018 жылы ТМД елдерінде өткізілетін халықаралық жарыстарға қатысуына дайындалудың тағы бір сатысы.  Қазақстан |Республикасының өңірлерінде есірткі, психотропты, прекурсор  заттардың заңсыз  таралуына қарсы тиімді іс-қыймыл жүйесі біздің қызметкерлердің жоғарғы кәсібилігінің нәтижесі, есірткіге және терроризмге қарсы қызметінің позитивті алғы шарттарының негізі болып табылады».    

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)