Жарияланған күні: 11.01.2019 11:26
Өзгертілген күні: 13.03.2019 11:09

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-кассалық машиналарының жаңа үлгілерін енгізу бойынша мемлекеттік қызмет оңтайландырылған

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 1117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2019 жылғы 9 қаңтарда № 18159 нөмірімен тіркелген) Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-кассалық машиналарының жаңа үлгілерін енгізу бойынша мемлекеттік қызмет оңтайландырылғаны туралы хабарлайды.

Оңтайландыру шеңберінде қызметтер көрсету мерзімдері 30 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне қысқартылды, сонымен қатар құжаттар тізбесі 9-дан 7-ге дейін азайтылған.

Қызмет берушіге қызмет алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1. мемлекеттік тізілімге бақылау-касса машиналарының жаңа үлгілерін енгізу туралы салықтық өтініші;

2. БКМ моделінің эталондық үлгісі және БКМ моделінің техникалық, функционалдық және пайдаланылу сипаттамаларын беретін мынадай материалдар:

  1. өндіруші зауыттың паспорты;
  2. өндіруші зауыттың техникалық құжаттамасы;
  3. қағаз және электрондық жеткізгіштердегі БКМ пайдалану нұсқаулығы;
  4. фискалды режим орнату, БКМ қайта тіркеу, фискалдық есептерді, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есепті (Х-есеп) алу кезіндегі, сондай-ақ бақылау чегінде қамтылуы үшін тиісті ақпаратты енгізу кезіндегі салық органы қызметкері іс-қимылдарының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтитын қағаз және электрондық жеткізгіштердегі салық органының қызметкері үшін нұсқаулық;
  5. өндіруші зауыттың БКМ моделін техникалық қолдау бойынша кепілдіктің міндеттемесі;
  6. өндіруші зауыттың құжаттамасында көрсетілген БКМ моделінің техникалық сипаттамаларының белгіленген нысандағы негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер;
  7. БКМ моделінің сәйкестік сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмесі.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)