Жарияланған күні: 03.06.2020 19:15
Өзгертілген күні: 03.06.2020 19:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

2020 жылғы 3 маусым                                                                   Нұр-Сұлтан қаласы

 

«Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдер арасында Covid-19-қа қарсы іс-шаралар талқыланды

 

2020 жылғы 2 маусымда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев «Covid-19-қа қарсы іс-шаралар: BRITACʘM болашағы» тақырыбында, салық әкімшілігіне мүше елдердің басшыларының қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» (БББЖ секретариаты) бастамасы аясында салықтық әкімшіліктер ынтымақтастығы форумы хатшылығымен ұйымдастырылған виртуалды конференцияға қатысты.

Конференция короновирустық пандемия кезіндегі бизнесті фискалдық және салықтық қолдау шаралары туралы ақпарат пен тәжірибе алмасу, сондай-ақ халықаралық салық салу саласындағы ынтымақтастық үшін алаңды қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

Төраға М.Е. Сұлтанғазиев салық төлеушілерді қолдаудың қазақстандық тәжірибесі туралы презентация жасады, атап айтқанда бизнес жүргізудің қолайлы жағдайлары мен салықтық әкімшілендіруге бағытталған ел Үкіметі қабылдаған шаралар туралы айтты.

Сөзінің соңында, БББЖ Хатшылығы төрағасының орынбасары ретінде М.Е. Сұлтангазиев 2021 жылдың мамыр айында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында салықтық әкімшіліктердің ынтымақтастық форумының екінші конференциясын Қазақстанда өткізуге үміт білдірді.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі