Жарияланған күні: 16.05.2019 11:46
Өзгертілген күні: 24.05.2019 17:05

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

«Б.Қонысбаев» және «Жібек жолы» өткізу пункттерін жаңғырту жоспарлануда

 

Ағымдағы жылдың 10 және 11 мамырында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Е.К. Жамаубаев және Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М.Е. Сұлтанғазиев Түркістан облысындағы «Б.Қонысбаев» және «Жібек жолы» өткізу пункттеріне танысу іс-сапарымен барды.

Танысу барысында құрылыс ұйымының өкілдерімен кездесу өткізілді, «Б.Қонысбаев» өткізу пунктіндегі жоспарланған аумағының жаңғыртылатын аумағы және «Жібек жолы» өткізу пунктіне жақын жердегі жоспарланған автовокзал құрылысын қарап шықты.

«Б.Қонысбаев» өткізу пунктін жаңғырту шеңберінде өткізу пунктінің аумағы 3,6 гектардан 6 гектарға дейін кеңейтуге, автокөлік құралдарына арналған қозғалыс жолақтары 2 ден 8 жолаққа көбейту жоспрарлануда, өткізу қабілеттігі тәулігіне 120-дан 500 жүк автокөлік құралдарына жоғарылайды.

«Жібек жолы» өткізу пунктіне жақын жерде төлқұжаттық және кедендік бақылау жүргізу үшін жолаушылар терминалы бар заманауи автовокзал құрылысы жоспарлануда. Бұл өткізу пунктінің қабілеттілігін екі есеге жоғарылап, тәулігіне 50 мың жеке тұлға өткізілетін болады.

Өткізу пункттерін жаңғырту өткізу пунктінің қабілеттілігін арттыруға әсерін тигізеді, ал мемлекеттік бақылау жүргізу уақыты 25 минутқа дейін азаяды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)