Жарияланған күні: 24.05.2019 11:20
Өзгертілген күні: 30.05.2019 18:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді

 

2019 жылдың 22-23 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту жөніндегі Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден қызметтерінің біріккен алқасы жанындағы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жұмыс тобы 2011 жылдан бастап ЕАЭО мүше мемлекеттердегі тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу, дамыту және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ оны қолданудағы ұстанымдарды үйлестіру бойынша жұмыстарды жүргізуде.   

Жұмыс тобының отырысына Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметінің, Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің, Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің, Армения Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшылары қатысты.

 Жұмыс тобының күн тәртібіне сәйкес 11 негізгі мәселелер қаралды. Жұмыс тобының алдыңғы хаттамалық шешімдердің орындалуын талқылаудан бөлек, жұмыс тобы мүшелерінің бірқатар ұсыныстары зерделенді.     

Отырыс барысында кедендік құнды, тауарларды сыныптау мен олардың шығарылған жері туралы мәлімделген мәліметтердің шынайылығы бағытында анықталатын тәуекелдер туралы мәселелер қаралды, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері құқығын қорғау бағыты бойынша ТБЖ-ны қолдану жөніндегі ұстанымдарды үйлестіру туралы мәселе де қаралды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту жөніндегі Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден қызметтерінің біріккен алқасы жанындағы жұмыс тобының отырысы ЕАЭО шеңберіндегі кедендік заңнаманы біркелкі қолдану мақсатында ұдайы негізде өтетінін атап өткен жөн. 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)