Жарияланған күні: 11.07.2017 20:10
Өзгертілген күні: 11.07.2017 20:12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2017 жылғы 22-23 наурызда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан Республикасына іссапары барысында қазақстандық-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы екі елдер Үкіметтерінің арасындағы Келісім Хаттамасына қол қойылды.

Осы Хаттамаға сәйкес тараптар екі жаңа өткізу пункттерін ашуға келісті: «Сырдарья» ҚР - «Малик» ӨзР және «Целинный» ҚР - «Ок олтин» ӨзР.

2017 жылғы 11 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Махтаарал ауданында орналасқан осы өткізу пункттерінің салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына қазақстан тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімі Жансейіт Түймебаев пен Инвестициялар және даму министрлігінің Бірінші Вице-Министрі Роман Скляр қатысты, өзбек тарапынан Өзбекстан Республикасының Вице-Премьері Улугбек Розукулов пен Сырдарья облысының Әкімі Гофуржон Мирзаев қатысты.

Аталған өткізу пункттері жеке тұлғаларды және жеңіл автокөлік құралдарын жеңілдетілген тәртіпте өткізу (коммерциялық мақсаттағы тауарларды өткізу жүргізілмейді) үшін ашылған. Бақылаудан жалпы өту және рәсімдеу уақыты 7 минуттан аспайтын болады.

Қазақстан-өзбек шекарасындағы жаңа өткізу пункттерін ашу біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан ары нығайтуға мүмкіндік туғызады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)