Жарияланған күні: 27.05.2016 19:45
Өзгертілген күні: 30.05.2016 15:35

Құрметті салықтөлеушілер!

 

Сіздерді 3 маусымда Алматы қаласында өтетін «Салық салудағы көкейкесті сұрақтар: жаңа салықтық-кедендік кодекс, электронды есепшотттар және жаппай салықтық мағлұмдау» атты конференцияға қатысуға шақырамыз.

Ұйымдастырушылар: Салық және кеден кеңесшілерінің ұлттық қауымдастығы (СҚКҰҚ) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті бірлесе отырып және Қазақстан салық төлеушілер ассоцияциясы.

Іс-шараның өтетін уақыты: 2016 жылдың 3 маусымы.

Басталу уақыты: сағат 08:00

Өтетін орыны: Grand Hall, Байзаков к-сі, 280 үй (Сатпаев көшесінің қиылысында), «Almaty Towers» ғимараты.

Конференцияға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші Вице-министрі М.А.Кусаинов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы Д.Е.Ергожин, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің басқарма басшылары және мамандары, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілдері (120 адам), басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, алдыңғы қатарлы аудиторлық, заң және кеңестік компаниялар, кедендік делдалдар, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары және басқа да салық төлеушілер қатысады. Барлығы 1500 қатысушы болады деп жоспарлануда.

Барлық салық төлеушілерге электронды есепшоттар 2017 жылың 1 қаңтарынан бастап, ал жаппай мағлұмдау 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті болуына байланысты, конференция аясында осы сұрақтар бойынша  ҚР ҚМ МКК өкілдерінің, электронды есепшоттар ақпараттық жүйесі және бақылау-кассалық машиналарды жасаушы компания өкілдерінің, кеңестік компаниялар және т.б. (мемлекеттік кірістер комитеті қызметтер КӨРМЕСІ, ТҚКО және кеңестік компаниялар) қатысуымен кеңес беру стенді ұйымдастырылады. Қызығушылық танытқан компанияларды қызметтер көрмесіне қатысуға шақырамыз.

Конференция аясында электронды есепшоттар,жаппай мағлұмдау, бақылау-кассалық машиналар бойынша кеңестік стендтер жүзеге асырылады. Кеңесшілер көмегімен конференция қатысушылары келесідей мүмкіндіктерге ие болады:

1. Электронды есепшоттар ақпараттық жүйесімен және egov жүйесімен жұмыс жасау үшін Ұлттық куәләндіру орталығының кілтін алуға.

2.  Кілттерді қолдану сұрақтары және Электронды есепшоттар ақпараттық жүйесіне тіркелу бойынша кеңес алуға.

3.  Электронды есепшоттар ақпараттық жүйесі жұмысының тәртібімен танысуға, электронды есепшоттарды толтыруды және жіберуді үйренуге. 

 

Егер Сіз конференция кезінде Электронды цифрлы қол кілтін алғыңыз келсе, конференция басталғанға дейін келесі әрекеттер жасауыңыз тиіс:

1.  http://pki.gov.kz/index.php/ru/ сайтына тіркелу

2.  Мәлімдемені толтыру және басып шығару.

3.  Конференцияға жеке бас куәлігіңізді алып келу қажет (заңды тұлғалар үшін-директор немесе сенімхатпен қызметкер. Толық мағлұмат  http://pki.gov.kz/index.php/ru/poluchenie-klyuchej-etsp)

4.  Конференци кезінде осы мәлімдемені Халыққа қызмет көрсету орталығы өкіліне беру қажет (конференция кезінде фойеде egov жазуымен үстел болады)

 

Қатысу үшін салықтөлеушілер ассоцияциясы сайтында мәлімдемені немесе мәлімдеме үлгісін толтырып conf@ank.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Мәлімдемелерді тіркеу уақыты: 2016 жылдың 30 мамырына дейін

Анықтама телефондары: 8 727 334 18 32, 222 36 70, 392 28 47, 250 52 18