Жарияланған күні: 25.09.2020 10:25
Өзгертілген күні: 25.09.2020 10:27

          2020 жылғы 22 – 24 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) «Мемлекеттік қызметтегі жанжалды жағдайларды шешу» тақырыбына Polycom БКБ, Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей эфирде трансляциялау арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдар қызметіндегі жанжалды жағдайларды түсіну, алдын алу, басқару және шешу бойынша білім мен дағдыларды игеру.

Семинарға тыңдаушы ретінде Қазақстанның Батыс өңірінің (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары бойынша МКД) және ОӘО аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

А.ж. 23 қыркүйегінде Polycom бейнеконференцбайланысы, Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей эфирі арқылы трансляция өтті, онда дәріскер ретінде Мемлекеттік кірістер комитетінің кеңесшісі, психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты Лейла Умурзаковна Асылбекова қатысты.

Қатысушылар жанжалдың тарихи анықтамаларымен, қақтығыстың себептерімен, жүйке жүйесі түрінің кәсіби іс-әрекеттің орындалуына әсер етуімен, қызметкерлердің эмоцияларымен жұмыс істеуімен, қақтығыс белгілерімен, қақтығыс құрылымымен, қақтығыс жағдайындағы мінез-құлық стратегиясымен (Томас-Килменн торы), жанжалды басқару принциптерімен танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша 42 қатысушыға біліктілігін сәтті арттыруы туралы сертификаттар жіберіледі.