Жарияланған күні: 19.10.2020 14:42
Өзгертілген күні: 19.10.2020 14:43

2020 жылғы 12 – 14 қазан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Мемлекеттік қызметтегі жанжалды жағдайларды шешу» тақырыбына қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жанжалдарды, олардың пайда болу себептерін және оларды шешу жолдарын зерттеу.

Семинарға тыңдаушы ретінде Қазақстанның Оңтүстік өңірінің аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қ. бойынша МКД) және ОӘО қызметкерлері қатысты.

2020 жылы 13 қазанында Polycom бейнеконференцбайланысы, Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей эфирі арқылы трансляция өтті, онда дәріскер ретінде СӘРЖ жобасы бойынша тұлғалық өсу кеңесшісі, психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты Лейла Умурзаковна Асылбекова қатысты.

Қатысушылар жанжалдың себептері және құрылымы, қызметкерлердің эмоцияларымен жұмыс, жанжал жағдайындағы мінез-құлық ережелері, жанжалды шешудің жалпы схемасы, мемлекеттік қызметтегі мүдделер жанжалдарын реттеудің әдістерімен танысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 85 қатысушыға біліктілігін сәтті арттыруы туралы сертификаттар жіберіледі.