Жарияланған күні: 02.06.2015 10:25
Өзгертілген күні: 02.06.2015 10:27
семинар умц

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

02.06.2015ж.

Баспасөз релизі

2015 жылғы 1-5 маусым аралығында Өскемен қаласында «Ұйымдастырылған трансұлттық қылмысқа, есірткі құралдарының контрабандасына, психотроптық заттар және оның прекурсорларына қарсы әрекет» тақырыбында халықаралық семинар өтуде.

Аталған шара Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Елшілігімен және ЕҚОҰ-ның кеңсе Бағдарламасымен бірлесіп өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты ұйымдастырылған трансұлттық қылмысты түсіну және белгілерін талдау, саяси және құқықтық ойларын дамытуддың заманауи кезеңінде осы құбылыстың ескерту процесін баяндау, оның көбейуіне қарсы әрекетті және контрабандаға қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар бойынша ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ есірткі құралдарының және өзге де рұқсат етілмеген заттар контрабандасының халықаралық жолдарын анықтау тәсілдерін айқындау болып табылады.

Семинардың жұмысында Астана қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан областары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің бейінді құрылымдарының қызметкерлері қатысуда.

Сарапшылар ретінде:

- ЕҚОҰ халықаралық сарапшысы, құқұқ докторы Заза Берозашвили (Грузия);

- Анкара қаласындағы полицияның, ЕЗА күрес департаментінің синтетикалық есірткі бойынша бас бюросының аға инспекторы – Мевлют Қараайту (Түркия);

- АҚШ есірткімен күрес бойынша басқармасының жаһандық оқу тобының аға нұсқаушысы – Дэвид Уилсон (АҚШ);

- АҚШ есірткімен күрес бойынша басқармасының жаһандық оқу тобының аға нұсқаушысы – Джордж Фольмер (АҚШ);

- ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының есірткі контрабандасымен күрес бойынша бөлімінің бастығы – Арманбек Масалимов сөз сөйлейді.

                               ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі