Жарияланған күні: 22.01.2015 19:01
Өзгертілген күні: 22.01.2015 19:04

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап алкоголь өнімдерін сақтауды көтерме саудада және бөлшек саудада өткізуді, жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеуге міндетті

 

            Норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 18 маусымдағы № 210-V Заңымен енгізілді.

            Жыл сайынғы лицензиялық алым әкімшілік-аумақтық біріліктерге байланысты төленеді.

•          астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК;

•          аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЭК;

•          ауылдық елді мекендерде – 30 АЭК.

Заңнамада көрсетілген түзетулер алькоголь өнімдерін тұтынуды қысқарту, алкоголь өнімдерін сату орындарын шектеу және сауда ережелерін тәртіпке келтіру мақсатында Мемлекет басшысының 2013 жылғы 11 ақпандағы № 01-25.30 тапсырмасын орындау үшін енгізілген болатын.

Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының Тұжырымдамасынан алкогольді өнім бүгінгі күні бірінші қажеттіліктегі азық-түлік болып табылмайды барлық дүкендерде, сауда үйлерінде және базарларда іске асырылуда (салық қызметінің деректері бойынша олар 40 мыңнан астам), алкогольге халық кедергісіз қол жеткізуде.

Мысалы, қалалық жерлерде әр бір көп қабатты тұрғын үйдің астында спирттік сусындарды сататын азық-түлік дүкені, ал кейбір жағдайларда екі және оданда көп дүкендер орналасқан. Тиісінше алкогольді сату нүктелерінің тым тығыз орналасуы оның сатылымын және тұтынуын арттырады.

Тұрғындардың алкоголь өнімдеріне тұтынуға еркін қолжетімділік Қазақстан Республикасының халықаралық имиджіне және ішкі криминогендік жағдайға әсер ететін теріс факторлар қатарын күшейтеді. 

Сондай-ақ аталған норма ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде алымдар ставкасы мөлшерінің заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, оның ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазАлко» қауымдастығы, «Қазақстан сыра қайнатушы одағы» ЗТҚ, «Қазақстан шарапшы одағы», «АлкоИмпорт» қауымдастығы, Қазақстан кәсіпкерлері форумы, Сауда кәсіпорны қауымдастығы өкілдерімен және т.б. талқыланды.   

Бұрын заң жобасын әзірлеу кезінде айқындалған талаптарға сәйкестендірілуі тиіс тек арнайы дүкендер арқылы алкоголь өнімдерін өткізу жолымен сату орнын қысқарту туралы басқа да баламалы әдістер ұсынылғанын ескеру қажет.

Осы норма қабылданған жағдайда 20 мыңға жуық дүкен алкоголь өнімдерін өткізуді тоқтатуы қажет болады.

Сонымен қатар, есептік мәліметтерге сәйкес дүкендердің – кіші кәсіпкерлер субъектісінің негізгі кірістері спирттік ішімдіктерді сатудан құралмайтынын белгілейді. 2013 және 2014 жылдар қорытындысы бойынша алкогольдік өнімдерді өткізу көлемі бөлшек саудада  дүкендердің 60% көбісі күніне бір литрден көп еместі құрады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті