Жарияланған күні: 28.05.2019 18:10
Өзгертілген күні: 30.05.2019 10:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Онлайн бақылау-касса машиналарын тіркеу бойынша түскен салық өтініштерін өңдеу статистикасы жарияланды

 

ҚР ҚМ МКК веб-сайтында  деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын тіркеу бойынша қағаз жеткізгіште қабылданған салық өтініштерін өңдеу бойынша статистика орналастырылған (https://kgd.gov.kz/kk/content/derekterdi-tirkeu-zhne-nemese-beru-funkciyasy-bar-bakylau-kassa-mashinasynyn-tirkeu-ushin cілтеме).

Еске сала кетейік, туындаған кейбір техникалық қателіктерге байланысты Комитет  ФДО-мен бірге техникалық қатені жойғанша салықтық өтінішті тіркеу қағаз жеткізгіште қабылдауды альтернативтік шешімге келді. 

БКМ онлайн тіркеу үшін,  БКМ пайдалану жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына салықтық өтінішті қағаз түрінде тапсыру қажет.

Ақпараттық жүйеде туындаған техникалық сұрақтарға байланысты  мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің онлайн БКМ қолданбағаны үшін кінәсі болмауына байланысты жауапкершілік қарастырылмайды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)