Жарияланған күні: 06.02.2019 13:04
Өзгертілген күні: 25.02.2019 14:11

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Салықтық амнистия: 27 903 салық төлеуші бюджетке 2018 жылдың

1 қазанында болған жалпы сомасы 5,9 млрд.теңге құрайтын негізгі қарызын төлеген

 

Қазіргі уақытта негізгі қарызын төлеген жағдайда еесптелген өсімпұлды есептен шығару жолымен жеке тұлғалар үшін салық рахымшылығын өткізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, мемлекеттік кірістер органдарымен жеке тұлғалар үшін салық рахымшылығын жүргізу тәртібі әзірленуде, атап айтсақ, салық рахымшылығын жүргізілетін жеке тұлғалардың санаттары және қарыз сомалары қарастырылуда.

Жақын арада, әзірленген ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге берілетін болады.

2019 жылдың 8 ақпанынан бастап Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енетінін естеріңізге саламыз.

Аталған Қағидалар Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыпұлды есептен шығару жөнінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу туралы берілген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленіп, бекітілген.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша 27 903 салық төлеуші бюджетке 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 5,9 млрд.теңге құрайтын негізгі қарызын төлеген.

Осылайша, жақын арада, Қағидалар қолданысқа енгізілген соң, жоғарыда көрсетілген салық төлеушілерге 1,1 млрд.теңге өсімпұл және 100,0 млн.теңге айыппұл есептен шығарылатын болады.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылады. Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілерге қатысты рахымшылық қолданудың тәртібі басқаша.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)