Жарияланған күні: 10.12.2018 15:40
Өзгертілген күні: 10.12.2018 15:42

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста болғаны үшін» номинациясы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері марапатталды

 

БҰҰ Бас Ассамблеясы 9 желтоқсанды Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні болып жарияланды. Атап айтқанда, осы күні Астана қаласында «Қоғамдық құрмет -2018» ұлттық сыйлығының VI марапаттау салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараны «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық қаһарманы» Б. Ертаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Ә. Бәйменов., М. Әбенов қатысты.

Ұлттық марапат - бұл Қазақстанның азаматтық қоғамға деген еңбегін жыл сайын мойындау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте елеулі үлес қосқан бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері әр түрлі номинациялар бойынша «Қоғамдық құрмет -2018» Ұлттық сыйлығына ие болды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста болғаны үшін» номинациясы бой ынша Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері марапатталды:

- Маубаев Қайрат Ургенишбаевич, басқарма басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл;

- Ахметқалиев Қуаныш Жұмағалиұлы, ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)