Жарияланған күні: 31.01.2024 18:04
Өзгертілген күні: 31.01.2024 18:08

    Мемлекеттік кірістер органдары Яндекс таксимен бірлесіп Астана және Алматы қалаларында Яндекс Такси қосымшасы арқылы қызмет көрсететін такси жүргізушілеріне арналған пилоттық жобаны іске қосты. Қатысушылар саны 4 400-ден астам жүргізушіні құрады, тек ағымдағы жылдың қаңтар айында жобаға 2 800-ден астам такси жүргізушісі қосылды (пилоттын аяқталу мерзімі 2024 жылғы желтоқсан). Жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсететін 17 мың дара кәсіпкер тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

    Егер такси жүргізушілері үшін пилоттың артықшылықтарына тоқталатын болсақ, бұл:

     - таксопарктердің делдалдық қызметтерін алып тастау, бұл ақша қаражатын үнемдеуге және оларды салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Тиісінше, жүргізуші әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартылады;

    - дара кәсіпкер ретінде тіркеуді оңайлату (мемлекеттік кірістер органдарына бармай); 

    - нақты алынған кірістің 1% мөлшерінде салық төлеу (ал қызметкердің кірісінен салық 10% мөлшерінде ұсталады);

    - салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемелердің болмауы.  Сондай-ақ, Glovo, Wolt, InDrive және т.б. сияқты компанияларды пилотқа қатысуға қосу жоспарлануда.