Жарияланған күні: 19.01.2018 18:27
Өзгертілген күні: 19.01.2018 18:28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Жаңа салық кодексінің нормаларын салықтөлеушілерге түсіндіру семинары

Елімізде 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексі» күшіне енген болатын және құрамында көптеген елеулі өзгерістер мен толықтырулармен қамтылған.
Осыған байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2018 жылдың 18-ші қаңтар күні Ақтөбе қаласында Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау обылыстары салықтөлеушілеріне арналған жаңадан қабылданған салық кодексін түсіндіру жұмыстарына бағытталған көшпелі өңірлік семинар өткізілді.
Өзгертілген салық кодексі бизнесті жеңілдету мақсатын көздейді. Аталған Салық кодексінің негізгі бір идеологиялық бағыты адал салықтөлеушілердің мүддесін қорғау болып келеді.
Шағын және орта бизнестің даму деңгейін жоғарылату мақсатында жұмыс істеп тұрған арнаулы салық режимдері сақталған. Патент режимі үшін салық мөлшерітөмендеген.
Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында жаңадан қосымша ерікті түрде тіркелген шегеру баламалы режимі көзделген.
2020 жылдан бастап талап қою мерзімі шағын және орта бизнес үшін бес жылдан үш жылға қысқартылады қалғандарына бес жыл көлемінде бола береді.
Және де салық кодексінде агроөнеркәсіптік секторында, гелогиялық барлау және жер асты қойнауын пайдаланушылар, инвесторларға салынатын салық, өнеркәсіп саласы, қаржылық секторды сауықтыру бойынша көптеген өзгерістер қарастырылған.
Осы жылдан бастап тиімсіз жеңілдіктер мен төлемдерді алып тастау көзделген.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)