Сұрақ: 
<p>&nbsp; &nbsp; &nbsp; Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау үшін конструкциясы және бағыты бойынша арнайы арналған автопоезд нені тұспалдайды?&nbsp;</p>
Жауап: 

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (бұдан әрі – КО ТР) сәйкес  «автопоезд» - автомобильмен және сүйремелі жартылай тіркемемен немесе тіркемемен (тіркемелер) жасалған көлік құралы.

Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдау үшін конструкциясы және бағыты бойынша арнайы арналған көлік құралдарына КО ТР параметрлердің бірі жалпыға қолданыстағы автомобильді жолдар бойынша жүру үшін белгіленген заңнамалардың рұқсат етілген нормасынан асқан, ең болмаса массасы бір осьқа 10 тоннадан асатын ауыр жүктерді тасуға арналған көлік құралдарын (жол талғамайтын) анықтайды.

Сонымен, ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау үшін конструкциясы және бағыты бойынша арнайы арналған автопоездтарға тіркемелі немесе отырмалы, бір уақытта екі шартқа жауап беретін, жүк автомобилінен және отырмалы тартқыш тіркеме (жартылай тіркеме)-ауыр жүк таситын тіркеме немесе отырмалы автопоездар жатады: 

- жалпыға қолданыстағы автомобильді жолдар бойынша жүру үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген рұқсат нормасынан асып түссе әзірлеуші зауытпен бекітілген көлемді параметрлері және (немесе) автокөлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы; 

- ең болмаса массасы бір осьқа 10 тон.надан асатын кезде (тралдар, көпосьті платформалар және т. б.)