Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>017.00, 018.00 нысан бойынша есептілікті әрбір алынған қаржыландыруға толтыру керек пе немесе мәлімделген салық кезеңіне жалпы біреуін толтыруға болады ма?</em></p>
Жауап: 

017.00, 018.00 н. есептілікті жасау (толтыру) және табыс ету тәртібі ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген.

Тәртіпке сәйкес мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, жеке және заңды тұлғалар шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынуға жататын ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы деректерді толтыру міндеттілігімен (017.00 нысан) хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына табыс ету қажет.    

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей (018.00 нысан) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға тиіс.