Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікте (017.00, 018.00 нысандар) мәміле бойынша 100 теңге сомасын көрсету керек пе?</em></p>
Жауап: 

ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны және жұмсағаны туралы есептілікті тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде табыс ету және жасау уәкілетті орган белгілеген. Осы тәртіп ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген.

017.00, 018.00 н. есептілігі тәртіпке сәйкес жасалады және шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан 1 теңгеден асатын сомаға, олармен жасалған мәмілелер бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыс етіледі.