Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 нысандар) СЕӨЖ және Салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде тапсырған кезде техникалық мәселелер мен сұрақтар туындаса, бұл жағдайда қайда жүгінуге болады?</em></p>
Жауап: 

ҚР Салық кодексінің 20-бабы 1-тармағының 1) және 5)-тармақшаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға, өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті. Осыған байланысты, салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органына есептілікті тапсыру мәселелермен жүгінген жағдайда, мемлекеттік кірістер органының қызметкері салық төлеушіге ҚР мемлекеттік кірістер органдарының СЕӨЖ/СТК Тұтынушыларды қолдау қызметіне (sonosd@mgd.kz мекен-жайына) ұсыныстармен жүгіну туралы түсініктеме беруге міндетті, немесе туындаған мәселені осы қолдау қызметіне рұқсат ету.    

Мазмұндалғанды ескере отырып, СЕӨЖ/СТК арқылы 017.00, 018.00 н. есептілікті тапсыру кезінде техникалық сұрақтар/мәселелер туындаған жағдайда, sonosd@mgd.kz электрондық мекен-жайына СЕӨЖ/СТК Тұтынушыларды қолдау қызметіне жүгіну қажет, егер мәселе шешілмеген жағдайда - есептілікті табыс ету орны бойынша мемлекеттік кірістер органына.