Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Өз атынан осы есептілік нысандарына қол қоятын және уәкілетті өкілімен (сенімхат негізінде жеке тұлға) ұсынатын 017.00, 018.00 н. есептілікке мөр қою қажет па, бірақ жеке тұлғаның өзінің мөрі жоқ?</em></p>
Жауап: 

ҚР Салық кодексінің 17-бабы 1-тармағына сәйкес егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы. (ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 33 б. 2т.) заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болуы тиіс, жеке кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғалардан басқа. (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 33 б. 4т.) өз қызметін жүзеге асырған кезде дара кәсіпкер мөрді пайдалануға құқылы.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген ҚР заңнамасының нормаларында уәкілетті өкіліне – жеке тұлғаға сенімхат бойынша заңды тұлғаның есептілігін табыс ету кезінде есептілікті мөрмен куәландыруды талап етілмейтіні ескерілген, өйткені ҚР заңнамасында қарастырылмаған.