Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 нысандар) қайда, қай мемлекеттік органға табыс ету керек?</em></p>
Жауап: 

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілік шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған орналасқан/тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.