Сұрақ: 
<p><em>Шетелдік қаржыландыру есептілігінің қосымшасы қандай жағдайда ұсынылады(017.00, 018.00 нысандар)?</em></p>
Жауап: 

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, 017.00,018.00 нысандар бойынша қосымша есептілік мынандай жағдайда және мерзімде:

1)   Хабарлама (017.00 н.) «қосымша» түрімен: 

келісім-шарт сомасын өзгерту бөлігінде бұрын жасалған мәмілелердің шартына өзгертулер енгізілген жағдайда - міндеттерін орындау мерзімі мәміленің шартына өзгертулер енгізілген күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде;

мәмілені бұзған жағдайда - мәміле бұзылған күннен кейінгі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде;

2)   Мәлімет (018.00 н.) «қосымша түрімен»:

шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті қайтарған жағдайда – ҚР Салық кодексінің 46-бабымен белгіленген талап қою мерзім ішінде;

өзгерістер енгізу кезінде - ҚР Салық кодексінің 46-бабымен белгіленген талап қою мерзім ішінде табыс етіледі.