Сұрақ: 
<p><em>Шетелдік қаржыландыру есептілігі бойынша салық мерзімі болып не табылады (017.00, 018.00 нысандар)?</em></p>
Жауап: 

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, 017.00 нысандағы есептілікті табыс ету үшін салық мерзімі, шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні болып табылады. 018.00 нысандағы есептілікті табыс ету үшін салық мерзімі, тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етілетін күнтізбелік тоқсан болып табылады.