Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті табыс ету қандай мерзімде ұсынылады (017.00, 018.00 нысандар)?</em></p>
Жауап: 

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы есептілікті табыс ету тәртібі, нысандары, мерзімдері ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген. Тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілік келесі мерзімдерде табыс етіледі:

1)   Хабарлама (017.00 н.) «негізгі» түрімен:

мәміле жасалған жағдайда – мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады;

2)   Хабарлама (017.00 н.) «қосымша» түрімен: 

келісім-шарт сомасын өзгерту бөлігінде бұрын жасалған мәмілелердің шартына өзгертулер енгізілген жағдайда - міндеттерін орындау мерзімі мәміленің шартына өзгертулер енгізілген күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде;

мәмілені бұзған жағдайда - мәміле бұзылған күннен кейінгі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде;

3) Мәлімет (018.00 н.) «негізгі» түрімен – тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей;

4)   Мәлімет (018.00 н.) «қосымша түрімен»:

шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті қайтарған жағдайда – ҚР Салық кодексінің 46-бабымен белгіленген талап қою мерзім ішінде;

өзгерістер енгізу кезінде - ҚР Салық кодексінің 46-бабымен белгіленген талап қою мерзім ішінде.