Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті қашан беру қажет (017.00, 018.00 нысандар)?</em></p>
Жауап: 

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы есептілікті табыс ету бойынша міндеттілігі (017.00, 018.00 н.) ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағында көзделген жағдайда және ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпте туындайды.