Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша Қазақстанда фильмдер шығару, репортаждар (телевизиялық немесе онлайн) спектакльдер 2016 жылғы 26 шілдедегі № 12-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының </em>қолданысына жатады ма<em>?</em></p>
Жауап: 

ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-- тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған мынадай қызмет түріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеумет танушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталғаны туралы есептілікті табыс ету талаптары қолданылады.

Сонымен қатар, ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-2-тармағына сәйкес шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Бұл ретте, егер жинау, талдау және ақпарат тарату репортаждар өндірісі арқылы жүргізілсе, онда бұл іс-әрекет заңның қолданысына жатады.