Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік ұйымдардан ақша алған тұлға, қандай жағдайда шетелдік қаржыландыру бойынша 018.00 нысандағы есептілікті ұсынуға міндетті?</em></p>
Жауап: 

ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, яғни ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:

заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда.

Бұл жағдайда тұлға ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. № 553 бұйрығымен белгіленген тәртіпте және мерзімде 017.00 нысандағы есептілікті табыс ете отырып, шетелдік ұйымдардан ақша алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлауы тиіс.