Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Есептіліктен босату мәселесі бойынша түсіндіру қажет (тізім ерекшеліктері) – Мысалы, «халықаралық шарттардың негізінде алынған ақша және (немесе мүлік) нені білдіреді»? ЮСАИД-тан грант алушылар, АҚШ пен Қазақстан арасындағы екі жақты үкіметаралық келісімі бар негізінде есептілікті табыс ету қажеттілігінен босатылады ма? Бұл Халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде Қазақстанда жұмыс істейтін басқа да донарларға қатысты (СОРОС, БҰҰ және т.б)?</em></p>
Жауап: 

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» ҚР Заңына сәйкес - Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім. Осыған байланысты, тұлға, оның ішінде көрсетілген Заңға сәйкес жасалған халықаралық шарттардың негізінде ақша алған шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғандығы туралы есептілікті табыс етуден босатылады.