Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік компаниялардан заңгерлік көмекті қоса алғанда, төлемдерге қызмет көрсеткені үшін алатын коммерциялық кәсіпорындар Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс етуге және толтыруға міндетті ме?&nbsp;</em></p>
Жауап: 

ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған мынадай қызмет түріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеумет танушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталғаны туралы есептілікті табыс ету талаптары қолданылады.

Осыған байланысты, егер көрсетілген қызмет коммерциялық мақсатта жүзеге асырылса, онда 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті толтыру және табыс ету бойынша міндеттемелері болмайды.