Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы хабарлама (017.00 нысан) мемлекеттік кірістер органдарына <u>мәміле</u> жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады. «Мәміле» деген ұғым нені түсіндіреді?</em></p>
Жауап: 

ҚР Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) «Мәмілелер» 4-тарауында 147 б.-162 б. мәміле ұғымы берілген. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық). Мәміленің жазбаша нысаны қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.