Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>«2016 жылғы 26 шілдедегі № 12-VІ ҚРЗ &nbsp;төлемдер және төлем жүйелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілгенге дейінгі, яғни 2016 жылғы 11 қазанына дейін&nbsp;&nbsp; шетелдік қаржыландыру мәмілелер бойынша жасалған&nbsp; есептілікті табыс ету мерзімі қандай?</em></p>
Жауап: 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды. 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс ету «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-1 және 1-2 тармақтарымен белгіленген (нормалар 2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді). Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен көрсетілген есептіліктердің нысандар, тәртіптер және мерзімдері белгіленген (2016 жылғы 25 қарашадан және 2016 жылғы 2 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді). Осыған байланысты, 2016 жылғы 11  қазаннан бастап алынған (018.01 н. қосымша) және оларды жұмсалған (018.02 н. қосымша) ақша бойынша 018.00 нысандағы есептілікті табыс ету бойынша міндеттілік туындайды. Тәртіпті негізге ала отырып, 018.00 нысандағы есептілікті табыс ету мерзімі – тоқсан сайын, келесі есептік тоқсаннан кейінгі екініші айдың 15 күнінен кешіктірмей.