Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік қаржыландыру негізгі құрал ретінде заңда көрсетілген қызметінің мақсатына алған жағдайда, мысалы, құқықтық қорғау және кеңес беру үшін және ол ешқашан іске асырылмайды немесе өтеусіз берілсе, қай кезде осы негізгі құрал бойынша алушының есеп беру мерзімі аяқталады? Осындай мүлік бойынша амортизациясын есептеуді көрсету қажет пе?</em></p>
Жауап: 

Салық кодексінің 14-бабының 1-1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген мақсаттарға шетелдік көздерден негізгі құралдар ретінде мүлікті тұлғамен алынған жағдайда, 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарына Хабарлама ұсынылады. Жеке және заңды тұлғалар шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға тиіс

Мәліметтерде тек алынған мүлік туралы ақпарат көрсетіледі, яғни шығындар туралы Тізілім толтырылмайды. Бұдан кейін мәліметтер тек мүлікті жұмсағанда ғана ұсынылады, бұл ретте амортизацияның сомалары есептелгені туралы ақпарат көрсетілуге жатпайды.