Жарияланған күні: 06.11.2019 17:58
Өзгертілген күні: 06.11.2019 18:04

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

5 қараша 2019 ж.                                                                                       Ақтөбе  облысы

 

Қазақстаннан Ресейге жарты тоннадан астам қара уылдырықты экспорттауға тырысқан

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге әрекет жасаған кезде "Жайсан-авто" өткізу пунктінде тауарға ілеспе құжаттарда жалған мәліметтер мәлімдеу фактісі бойынша автокөлікті ұстады. 

Жүргізуші "мейіз, жержаңғақ, күріш жармасы" атты тауарларға ілеспе құжаттарын ұсынды.

Тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес жүкті жөнелтуші Шымкент қаласынан жеке кәсіпкер, алушы – Мәскеу қаласында жеке тұлға болып табылады.

ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірге аталған автокөлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 516 кг, сомасы 156 млн.теңге болатын 43 қорап "қара бекіре уылдырығы" табылды.

Құжаттық тексеру барысында қара уылдырық тауарына ілеспе құжаттардың жоқ екендігі, сондай-ақ "қара бекіре уылдырығы" Алып қоюлар тізбесінде бар екендігі анықталды.

ҚР ҚМ 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №718 бұйрығына сәйкес 9, 10-1 тармағына сәйкес "Тізбеге енгізілген және Хаттама күшіне енгенге дейін әкелінген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету кезінде МКО мөрімен куәландырылған СТ-1, электрондық шот-фактураның және тауарларға арналған декларацияның қағаз көшірмелері тауарға ілеспе құжаттар болып табылады".

Осы факті бойынша материалдар Ақтөбе облысы бойынша Ішкі істер департаментіне тапсыру үшін дайындалуда.

Жалпы осы заң бұзушылықтар үшін ҚР ҚК 339-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген, ол үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (7,6 млн.теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.