Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде DoingBusiness көрсеткіштері 

 

Жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ең маңызды міндеттерінің бірі - Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстан позициясының  жақсаруы.  

Үкіметтің елдегі бизнес ахуалының жақсаруындағы әрекеттерін объективті сыртқы бағалау болып табылатын «Doing Business» рейтингін, Дүниежүзілік банкі жыл сайын 11 индикатор бойынша әлемнің көптеген елдерінде өткізеді.

Дүниежүзілік банктің командасы 2014 жылғы 31 қазанда (2014 жылдың қорытындысы бойынша) «Doing Business-2015» есебін дайындады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан бір позицияға төмен түсіп (2013 жылдың қорытындысы бойынша 76 орын), жалпы 77 орынға ие болды.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстан позициясының жақсаруы, Қазақстан Республикасы Президентінің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру тапсырмасынан шығатын мемлекеттің басымды міндеті болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында 2016 жылға Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінің бірінші 30 елге кіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді (бұдан әрі  - Іс-шаралар жоспары).

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретіне мынадай индикаторлар енеді:

• салық салу;

• төлем қабілетсіздігін шешу.

«Салық салу» көрсеткіші бойынша

Қазақстан 190 елдің арасында 60-орында (2016 жылдың нәтижелері бойынша – 57-орын) 3 позицияға төмендеу.

Төмендеу себебі зерттеу методологиясының өзгеруі болып табылады.  

«Салық салу» индикаторының 3 көрсеткіштеріне (уақыт 178, мөлшерлеме 29,2% және төлем саны 7) мүлдем жаңа «Посттіркеу индексі» (Postfiling index) қосылды.

Өзгерістер динамикасына сәйкес «Салық салу» индикаторы бойынша Қазақстан алдында рейтингте өте жақсы позицияларға ие болған.

«Халықаралық сауда» индикаторы бойынша

«Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан 119-орынға ие болды (өткен жылы 128), 9 позицияға көтерілді (ҰЭМ жауапты, ҚР қоса орындаушы).

Дүниежүзілік банкі өткізген талдауға сәйкес позициялардың жақсаруына таурларды экпорттаған кезде ұсынылатын құжаттардың қысқаруы әсер етті, DoingBusiness рейтингінде «тауарларды экспорттау» ұғымы тауарларды экспорттаудың кедендік процедурасын ғана білдірмейтіндігін атап өтеміз. 

Төлем қабілетсіздігін шешу индикаторы бойынша

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2017» есебіне сәйкес Қазақстан «Төлем қабілетсіздікті шешу» индикаторы бойынша 37 орынға иеленіп, өз ұстанымын былтырғы жылмен салыстырғанда 9 тармаққа жақсартты (46-шы орыннан 37-ге дейін).

Нормативтік-құқықтық базасының тиімділігі индексін қосқанда, индикатор 9 көрсеткіштен тұрады.

2016 жылы қабылданған реформалар нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген индекс былтырғы жылмен салыстырғанда 11,5-тен 15 баллға көтерілді (3,5 баллға өсті).