Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті толтыру бойынша (017.00, 018.00 нысандар) сұрақтар туындаса қайда жүгінуге болады?</em></p>
Жауап: 

017.00, 018.00 нысандағы есептілікті табыс ету орны бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының аудандар, қалалар және қалалардағы аудандардың Қызмет көрсету орталықтарына, жазбаша немесе ауызша түрде. 2011 жылдан бастап барлық Қалалар мен аудандар орталықтарында Италия тәжірибесі бойынша әрбір Орталықта білікті қызметкерлерден тұратын «анықтама» модераторы енгізілді.

Модераторлардың құзеретіне:

Орталыққа жүгіну кезінде салық төлеушілерге (оның ішінде жаңа келушілерге) барлық салықтық мәселелер бойынша шұғыл кеңестік көмек көрсету және Орталықтың қажетті «терезеге» мәселенің мәні бойынша бағыттау;

Салық төлеушілерге қызмет көрсету арқылы жеке қатысуын қамтамасыз етуін қадағалау;

салық төлеушілердің кезекте күту уақыты 20 минуттан асуды болдырмау мақсатында, Орталықта кезек бар болған жердегі келушілердің ағындарын басқару кіреді.

Салық міндеттемелерін орындау барысында салық төлеушілер үшін интернет-ресурсында www.kgd.gov.kz орналастырылған пайдалы ақпаратпен алдын-ала танысып алу ұсынылады, сонымен қатар әрбір Орталықтардың ақпараттық стендтерінде, стеллаждарда, сөрелерде, жинақ есептерімен және оларды жасау Қағидаларымен шкафтарда, есептілік пен салықтық өтініштерді толтыру үлгілері бар файлдық папкалар орналастырылған құжаттарды толтыру және қалыптастыру үшін столдарда, қажетті құжаттарды толтыру үлгілерімен «қалташа» белгіленген.