Жарияланған күні: 14.12.2014 23:10
Өзгертілген күні: 03.12.2017 12:31

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі  №284 Бұйрығымен бекітілген:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы  №631 Бұйрығы:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы  № 33 Бұйрығы:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 404 Бұйрығы:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 150 Бұйрығы:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 418 Бұйрығы:

1) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы № 418 бұйрығымен;

2) «Жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

3) «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

4) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы № 418 бұйрығымен;

5) «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

6) «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

7) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

8) алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 № 150 бұйрығымен;

9) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 08.12.2015 жылғы № 631 бұйрығымен;

10) «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

11) «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

12) «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

13) «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

14) «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

15) «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

16) «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

17) «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

18) «Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

19) «Темекі бұйымдарына акциздік таңбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

20) «Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

21) «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

22) «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

23) «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

24) «Салық есептілігін керi қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

25) «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

26) «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

27) «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

28) «Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

29) «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

30) «Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салықтық нысандарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

31) «Бақылау-касса машиналарын (БМК) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

32) «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

33) «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

34) «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

35) «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

36) «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

37) «Тауарларды кедендік тазарту және электрондық құжат түрінде тауарларға арналған декларацияларды пайдалана отырып шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

38) «Преференциалдық және преференциалдық емес режимдерді қолдану кезінде тауардың шығарылған елін айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

39) «Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

40) алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 № 150 бұйрығымен;

41) «Кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулердi салыстыру актiсiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

42) «Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгіленген уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

43) «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

44) «Халықаралық тасымалдаудың құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

45) «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

46) «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

47) «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

48) «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

49) «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

50) «Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

51) «Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

52) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;

53) «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;