СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

«Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша

 

Кіріспе

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген (2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) өзгерістерге сәйкес, есептілікті табыс ету бойынша талаптар шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда қолданылады.

2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен өзге де мүліктерді және ақшаларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді және мерзім және хабарламалар нысандарын тәртібін анықтайтын нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бекітілген.


 

Келісім-шартта қол қойылады, келісім-шарттағы сома бірнеше транштарға (келісім-шарт бойынша) бөлінеді. 017.00 н. хабарламаға соммаларды қалай көрсету қажет, өйткені бағам әр траншқа әртүрлі болып табылады. Кеңестен кейін 2016 жылғы 1 наурызда келісім-шарт бойынша қол қойылған, 2016 жылғы 29 желтоқсанда түскен ақша алынғандығы туралы хабарламаны МКБ жібердім?

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды. 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс ету «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-1 және 1-2 тармақтарымен белгіленген (нормалар 2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді).

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті кім табыс ету қажет (017.00, 018.00 нысандар)?

ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағына сәйкес тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны, егер мынадай қызмет мақсатына:

- заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

Есептіліктен босату мәселесі бойынша түсіндіру қажет (тізім ерекшеліктері) – Мысалы, «халықаралық шарттардың негізінде алынған ақша және (немесе мүлік) нені білдіреді»? ЮСАИД-тан грант алушылар, АҚШ пен Қазақстан арасындағы екі жақты үкіметаралық келісімі бар негізінде есептілікті табыс ету қажеттілігінен босатылады ма? Бұл Халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде Қазақстанда жұмыс істейтін басқа да донарларға қатысты (СОРОС, БҰҰ және т.б)?

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» ҚР Заңына сәйкес - Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім.

Шетелдік компаниялардан заңгерлік көмекті қоса алғанда, төлемдерге қызмет көрсеткені үшін алатын коммерциялық кәсіпорындар Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс етуге және толтыруға міндетті ме? 

ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған мынадай қызмет түріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

Шетелдік ұйымдардан ақша алған тұлға, қандай жағдайда шетелдік қаржыландыру бойынша 018.00 нысандағы есептілікті ұсынуға міндетті?

ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, яғни ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:

заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша Қазақстанда фильмдер шығару, репортаждар (телевизиялық немесе онлайн) спектакльдер 2016 жылғы 26 шілдедегі № 12-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының қолданысына жатады ма?

ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-- тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған мынадай қызмет түріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

Біз, шетелдік ұйымдардан ақша алғандығы туралы мемлекеттік кірістер органдарын хабардар етсін деп ешқандай шешіммен өкілеттік беруге қоймаған ҚР Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіміз, осы жағдайда 017.00 нысан бойынша есептілікті беру керек пе?

Жоқ, ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. № 553 бұйрығымен белгіленген Ереженің 2-тармағына сәйкес. Бұл жағдайда, 017.00 есептілікті табыс ету бойынша міндеттемесі шетелдік ұйымдардан ақша алушы болып табылатын, ҚР резидент заңды тұлғасына жүктеледі.

Шетелдік ұйым өзінің тұрақты мекемесіне (ТМ) ақша аударады, ал өз кезегінде бұл қаражатты 3 жақты мәміле аясында ҚР резидентіне аударады. 017.00 және 018.00 нысандарын кім беру қажет?

017.00 және 018.00 н. есептілікті табыс ету бойынша міндеттеме ҚР резидентінде туындайды. ТМ-да 018.00 есептілікті табыс ету бойынша міндеттеме туындайды, егер ақша алушы ТМ және ҚР резидент – Салық кодексінің 14-бабы 1-1 тармағында көзделген қызметті жүзеге асырса.

Шетелдік қаржыландыру кезінде есептіліктің қай нысаны беріледі (017.00, 018.00 нысандар)?

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған және жұмсаған кезде орналасқан/тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрығымен белгіленген мерзімде және (017.00, 018.00) нысандар бойынша тәртіпте есептілік табыс етіледі.

Есептілікті табыс ету үшін қаржыландырудың ең аз сомасы қандай 017.00, 018.00 нысандар?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№553, 554 бұйрығымен белгіленген тәртіпке сәйкес, жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан 1 теңгеден асатын сомаға, олармен жасалған мәмілелер бойынша ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы мәліметтерді орналасқан/тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабардар етуге міндетті.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті табыс ету қандай мерзімде ұсынылады (017.00, 018.00 нысандар)?

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы есептілікті табыс ету тәртібі, нысандары, мерзімдері ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген. Тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілік келесі мерзімдерде табыс етіледі:

1)   Хабарлама (017.00 н.) «негізгі» түрімен:

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті қашан беру қажет (017.00, 018.00 нысандар)?

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы есептілікті табыс ету бойынша міндеттілігі (017.00, 018.00 н.) ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағында көзделген жағдайда және ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпте туындайды.